RU

Шымкенттік шенеунік балаларын апталап көрмейтін әкелерге ақыл айтты

Шымкент әкімінің экс-орынбасары әкелерге ақыл айтты деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшылық лауазымына үміткер болып, бірақ бағы жанбай қалған Бахадыр Нарымбетов барша әкелерге ақыл айтып, өз кеңестерімен бөлісті. Жүректен шыққан жылы сөздерін экс-шенеунік «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Ер адамның тіршілігі дүние тауып, бала-шағаны бағу, бірақ сол арада өмір өтіп бара жатқанын, балалар өсіп жатқанын ұмытпайық. Әкенің дүниесі баласына мал болмайды. Жақсы әкенің абыройы баласына 40 жыл азық егендей. Жақсы әке болуды Құдай нәсіп етсін» деген жазбаны қалдырды бұрынғы мемлекеттік қызметкер.

Сондай-ақ, Бахадыр Мадәліұлы қазір жұмыссыз жүргендіктен өмірге философиялық тұрғыдан қарайтынын, қызметте жүрген жылдары ұл-қыздарының қалай өсіп жатқанын, ой-өрістерінің даму процестерін мүлдем байқамағанын еске алып, қынжылған.

Тіпті мемлекеттік қызметте жүргенде кейде перзенттерін апталап көрмейтін сәттері де болғанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/996510-shymkenttik-sheneunik-balalaryn-aptal.html