Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте депутаттың ұлы «Жыл үздігі» атанды

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл бойына тынымсыз еңбек етіп, көзге түскен бірқатар сала мамандарының үздіктері анықталды деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Аймақ басшысы 39 аталым бойынша әріптестерінен оқ бойы озып шыққан кіл мықтыларды марапаттады. Олардың қатарында шымкенттік депутаттың ұлы Нұрлан Жарболов та бар. Қалалық мәслихаттың депутаты Нуриддин Жарболовтың баласы «Жылдың ең үздік жас сәулетшісі» деген номинацияға ие болды.

Жас сәулетші Шымкенттегі этносаябақ маңындағы «Қазақ хандығының-550 жылдығы» атты монумент пен Шымкенттен Ташкенте қарай кіреберіс жобасы авторларының бірі.

Ал «Жылдың ең үздік спортшысы» номинациясына зілтемірші Жазира Жаппарқұл лайық деп танылса, Арман Қарсыбаев «Үздік жаттықтырушы» атанды. Ал «Отау Строй» ЖШС «Үздік құрылыс мекемесі» деген атқа ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/996742-shymkentte-deputattynh-uly-zhyl-uzdigi/

pixel