RU

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерін таңдау жанкүйерлерге тапсырылмақ

Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында Қазақстан футболының ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жолдастық матч өткізді.

Матчтан соң ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов ұлттық құраманың бапкерін жанкүйерлер дауыс беру арқылы тандайтынын айтты.

Оның айтуынша дауыс беру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазақстандық және шетелдік мамандардың аттары ұсынылады. Кандидаттың есімі 26 желтоқсанда анықталады. Ал екінші кезеңде онлайн түрде бірнеше интернет порталда жүргізіледі. Екінші кезеңде шорт-лист белгілі болады. Дауыс беру 28 желтоқсанда аяқталады.

Айта кетейік, кеше ұлттық құраманы 2 жыл бойы жаттықтырған Юрий Красножан қызметінен кеткен болатын.  Ресейлік маман тізгін ұстаған кезде Қазақстан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 5 ұпай жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/996844-futboldan-qazaqstan-quramasynynh-bas.html