Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да боранда адасқан әкесін іздеген жігіт құтқарушыларды әлекке салды

Опубликовано:

ОҚО-да құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған 20 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Қазіргі кезде Созақтан Бәйдібек ауданына апаратын күре жол ең проблемалық аудан болып отыр.  Дәл сол жерден Шаян елді мекенінің тұрғынымен бірнеше сағат байланыс жоқ болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қара түсті «Шкода» көлігімен шығып кеткен ол жоғалып кетті. Оны іздеуге Таскөмірсай асуына үш техникаға мінген 12 адам жіберілді.

Алайда жарты сағаттан кейін ер адамның көлігімен грейдердің ар жағындағы жолмен Бәйдібек ауданының Шақпақ елді мекеніне бара жатқаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оны іздеу жұмыстарын тоқтату шешіліп, оның орнына құтқарушыларға оларды күтпей, достарымен бірге екі джипке мініп әкесін іздеуге Созақ ауданына кеткен баласын іздеуге тура келді. Құтқарушылар оны да тапты, және ауа райының қолайсыздығына байланысты Одаман Бұлақ асуына дейінгі жолды торуылдау шешімі қабылданды.

Нәтижесінде жолдан шығып кеткен 7 техника бірлігі шығарылып, 20 адам құтқарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/997070-oqo-da-boranda-adasqan-akesin-izdegen/

pixel