RU

МС Сайлаубек жыл адамы деп танылды

Қоғамдық сауалнама жүргізген Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы адам құқықтары бойынша комитет (ОААҚМК) "Мұсылмандық рейтинг" құрып, "ұлттық қазақ ақыны МС Сайлаубекті" "Жыл адамы" деп атады.

Бұл туралы ҚМО баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Олар БАҚ-тың ерекше назарына түсіп, Қазақстанның мәдени өміріне зор үлес қосып жатқан рэперді бұл атаққа лайық санайды.

Сонымен «Мұсылмандық рейтинг-2015» тізімінде келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • Жыл спортшысы – Илья Ильин. Грозныйда өткен «Ресей президенті кубогында» ол екі рет әлем рекордын жаңартты. Еске сала кетсек, спортшларды марапттау кезінде жағымсыз оқиға орын алды. Ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қойып жіберген. Қолын жүрек тұсына қоюдан бас тартқан екі дүркін Олимпиада чемпионы еліміздің қазіргі әнұранын қоюды талап етті.
  • Жыл қадамы - Шымкенттегі жас жұбайлар. Олар қымбат кортеждің орнына балалар үйінің балақайларына дастарқан жайып, ел сүйіспеншілігіне бөленген.
  • Жылдың ең қайғылы оқиғасы – Тараздағы Ерлан Бектібаевтың өзін-өзі өртеуі.
  • Жылдың есеңгіреткен оқиғасы – теңге девальвациясы.
  • Ең жаман әкім –  Әділбек Жақсыбеков. Астанадағы қымбат аялдамалар әлі күнге дейін тұрғындардың ашуын келтіреді.
  • Жыл әкімі – Қырымбек Көшербаев. Оның мектептердегі ақша жинағыштарды жоюға тырысуы көптеген адамның сүйіспеншілігіне бөленген.
  • Ең танымал интернет-сайт – NUR.KZ.
  • Ең серпінді телеарна – КТК.
  • Үмітке толы тағайындау – Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
  • Оғаш тағайындау – Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/997422-musylmandyq-reyting-2015-ms-saylaubekt.html