RU

"Әлем аруы" байқауындағы вице-мисске порно фильмге түсу туралы ұсыныс жасаған

"Әлем аруы" байқауында вице-мисс атанған Колумбия аруы Ариадна Гутьерреске порно фильмге түсу туралы ұсыныс жасалды.

Ересектерге арналған Vivid Entertainment киностудиясының басшысы Стив Хирш колумбиялық аруға ашық хат жазған. Онда Хирш Гутьерреске жыныстық қатынас түрін, төсектес серігін және фильмдер санын таңдауға ұсыныс жасаған. Киностудия басшысы сұлу бойжеткенге 1 миллион доллар қаламақы төлеуге уәде берген, деп жазады lenta.ru.

Сондай-ақ, Хирш көптеген танымал әйелдердің қызметтік мансабы порнофильмге түскеннен кейін қарыштағанын атап өткен.

Осыған ұқсас хабарлама Pornohub порталының Twitter парақшасында да жарияланған. Онда портал қызметкерлері "Жылама, Колумбия аруы, саған ұсынар жақсы жұмысым бар" деген жазба қалдырған.

Айта кетейік, "Әлем аруының" ақтық мәресі Лас-Вегас қаласында 21 желтоқсанда өткен болатын. Жеңіс тұғырына 26 жастағы филлипин өкілі Пиа Алонсо Вуртцбах көтерілді. Алайда, байқау жүргізушісі жеңімпаз арудың есімін жаңылысып оқып, жеңіс тәжі колумбиялық ару Гутьерреске тағылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/997571-alem-aruy-bayqauyndaghy-vice-misske-po.html