RU

Ресейдің баллистикалық зымыраны Қазақстандағы нысанға құлады

Ресейдің Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан ұшырылған «Тополь» баллистикалық зымыраны Қазақстанның Қарағанды облысы аумағындағы Сарышаған әскери полигонындағы нысанға келіп құлады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бұл туралы ақпаратты РФ қорғаныс министрлігі стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлері баспасөз қызметі таратты. Зымыранмен атудағы мақсат баллистикалық зымырандарды тексеру болған.

«2015 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеу уақытымен 20 сағат 55 минутта стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің «Капустин Яр» мемлекеттік орталық полигонынан РС-12М «Тополь» зымыранының ұшырылуы болды. Зымыран нысанаға дәл тиді» делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/997666-reseydinh-ballistikalyq-zymyrany-qaz.html