RU

"Мұзарт" тобы ұялы телефонға арналған альбом шығармақ

Еліміздің ең танымал әрі сүйікті әншілеріне айналған «МұзАРТ» тобы көрермендеріне күтпеген сый жасады. Әйгілі топ қазақ эстрадасының тарихында тұңғыш рет ұялы қондырғыларға арналған альбом шығарды.

Қазақ әншілерінің мұндай жаңашылдығы туралы аталмыш топтың солисі Сәкен Майғазиев тыңдармандарға әлеуметтік желіде жариялады.

"МұзАРТ тобының "Ұлы Дала" атты ұялы қондырғыларға арналған альбомды ұсынып жатырмыз! Қазақстанда алғаш рет шығып жатқан осындай smart альбом келешекте еліміздің музыка индустриясын заманға сай өзгертеді деп сенеміз. App Store және Play Market-тен жүктеңіздер!", - деп жазады топтың солисі Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/997721-muzart-toby-uyaly-telefongha-arnalghan.html