RU

Шымкент қаласының экс-әкімі жылдың ең үздік кәсіпкері атанды

Шымкент қаласының он бірінші әкімі болған бұрынғы шенеунік, бүгінде белгілі бизнесмен Қайрат Молдасейітов Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша "Жылдың ең үздік кәсіпкері" деген атқа лайық деп танылды.

Б9л туралы өңірден NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Бүгін аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов Шымкентте кәсіпкерлік саласындағы жыл үздіктерін құттықтау рәсіміне қатысып, 13 аталым бойынша 39 азаматты марапаттады.

"Үздік кәсіпкер" номинациясымен Қайрат Молдасейітовтен бөлек Ш.Әбдиев және Р.Суховтар да марапатталды. «Жылдың үздік өнеркәсіп кәсіпорны» болып «Зерде Керамик» ЖШС, «HILL Corp» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС  танылды.  «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жылдың үздік әкімдігі» номинациясы Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласына бұйырды.

Атап өтерлігі, "Үздік кәсіпкер" атанған экс-әкім жұртшылыққа ең ауқатты шенеунік ретінде де таныс. Әкім болып тұрған кезінде ол есепшотында 316 миллион 200 мың теңгесі мен 3 миллион 900 мың доллары және де жер учаскесі бар екенін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/998056-shymkent-qalasynynh-birinshi-akimi-bo.html