RU

Павлодарлық кардиохирургтер науқасқа шошқаның жүрек клапанын салып берді

Павлодар облысы кардиологиялық орталығының кардиологтары ШҚО Бородулиха ауданынан келген науқасқа шошқаның жүрек клапанын салып, өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Баланың жүрек ақауы асқынып, оң жақ асқазан жолы трактының обструкциясы диагнозымен келген. Клапан әбден тозған болды әрі қан айналмайтын. Бізге кеңес берген Литва елінің профессорлары жүрек қатты шаршағандықтан, отаның сәтті аяқталуы екіталай екенін ескертті. Дегенмен шошқанының биологиялық клапанын қойдық", - дейді кардиоорталықтың туа біткен жүрек ақауы бөлімінің меңгерушісі Тимур Райымханов.

Осылайша, дәрігерлер ұзақ уақыт күтім жасап, баланы ажал аузынан аман алып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/998232-pavlodarlyq-kardiokhirurgter-nauqasq.html