RU

Қазақстандық ауыр атлетшілердің допинг дауын тексеру үшін елде комиссия құрылды

Елімізде қазақстандық ауыр атлетшілердің қатысуымен орын алған допинг-дауды тексеру үшін комиссия құрылды, деп мәлім етті Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Біз қазір министрліктің жанынан Қазақстан ауыр атлетка федерациясымен бірлесіп комиссия құрдық. Себебі бұл оқиға бәрімізді алаңдатып отыр. Бірақ мен бұл алдын ала қойылған диагноз екенін, ақтық диагноз еместігін айтқым келеді. Әрине, біз қазір апелляцияға беріп жатырмыз. Әр спортшы дәрілерге тестілеуден өтеді. Олардың қорытындысын біз күтеміз», - деді Мұхамедиұлы жұма күні журналистерге.

Бұл ретте министр ауыр атлетшілердің бапкерлерімен сөйлесетінін жеткізді.

«Біздің спортшыларымызды дәрі ішуге итерген бапкерлерді біз жазалаймыз, себебі оған жол беруге болмайды. Біз таза спорт үшін күресеміз. Оның үстіне біз спортшыларымыз үшін алаңдаулы емеспіз. Бізде запастағы спортшыларымыз да жеткілікті. Біздің жастар арасында әр салмақ категориясында үміт артарлық жастар жеткілікті. Біз үшін Қазақстанның спорт державасы ретіндегі беделін сақтап қалу маңызды. (...) Қалай болғанда да біз барлық оқиғаны мұқият талдауымыз керек. Алда Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары бар, оған біз жақсы нәтижелермен шығып отырмыз», - деп қорытындылады Мұхамедиұлы.

Қазақстандық БАҚ-тар хабарлағандай, 24 желтоқсан күні ауыр атлетика халықаралық федерациясы (IWF) допинг-бақылаудың зертханалық талдамаларының нәтижесінде қазақстандық үш ауыр атлетшіні - Алмас Өтешев, Жасұлан Қыдырбаевты және Ермек Өміртайды антидопингтік ережені бұзуы мүмкіндігінен халықаралық жарыстарға қатысудан уақытша аластатты.

Хабарланғандай, спортшылардан Хьюстондағы 2015 жылғы әлем чемпионатындағы алынған допинг-бақылаудың «А» сынамасында тыйым салынған дәрілер анықталған. Хьюстонда Өтешов күміс медаль, Қыдырбаев – қола медаль алған. Спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатысуға дайындалып жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/998387-qazaqstanda-qazaqstandyq-auyr-atlet.html