RU

Айзада Авлатарованы ұрлаған еркекке зорлау айыбы тағылды

Алматыда жоғалып кеткен студент қыз Айзада Авлатарованы іздеуге ат салысқан БАҚ өкілдері, блогерлер мен еріктілерді қошеметтеу шарасы өтті, деп жазады Today.kz. Генерал-майор Мұрат Ұрымханов БАҚ өкілдері мен қоғамды өзгенің қайғысына бей-жай қалмағаны үшін алғыс білдіріп, шулы істің тергеу барысы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, қызды ұрлауға күдікті Игорь Токаревтың қазіргі кезде өзге қылмыстарға қатысы анықталуда. Іс ақпан айында сотқа жолданады.

"Токарев – төрт рет сотталған, соңғысында 12 жылға. 2006 жылы босатылған; зорлау, бостандықтан заңсыз айыру, қарақшылық пен ұрлық сияқты ауыр қылмыстар үшін істі болған. Қазіргі кезде ол қамауда, оған төрт айып тағылған, оның ішінде ұрлау, зорлау және тонау. Ол паразиттік өмір кешкен, отбасы болған – әйелі мен екі баласы", - дейді Мұрат Ұрымханов

Жалпы шара барысында 15 адам сыйлыққа ұсынылды, оның ішінде "Экономика және құқық" колледжінің директоры Айгүл Нұрғазиева, оның екі орынбасары және оқытушы Бақыт Қарабалаева. Сонымен бірге полиция Равиль Розахунов, Константин Авершин, Руслан Ниязов, Ришат Нұрсеитов, Расул Баратов, Данияр Фафролов және басқа да еріктілерді атап өтті.

Естеріңізге салсақ, 20 жасар студент Айзада Авлатарованы бірнеше күн бойы Алматы облысынан іздеді. Қыз бала 3 желтоқсан күні Жетіген ауылынан Өтеген батыр ауылына колледжге бара жатып жоғалып кеткен.

Бір аптадан кейін алматылық студент Айзада Авлатарованы нашар психикалық жағдайда табылды. Онымен бірге Қапшағай полициясына ұрлауға күдікті Игорь Токарев жеткізілді.

Айзаданы тауып алған сарбаздар қыз баланы қалай тапқандарын айтып берді.

Жасөспірімді бір апта үйінде ұстаған Игорь Токарев құрбанын ішімдік ішуге мәжбүрлегені анықталды.

Күдікті тергеу барысында бойжеткеннің ата-анасына шүйлікті. Ол ата-аналар өздері қылмысқа бар жағдай жасап қойғаны соншалық, құрбанын аяп та кеткенін айтқан.

Жақында бойжеткеннің ағасы оның алматылық емханалардың бірінде оңалу курсынан өтіп жатқанын мәлімдеді. Айзада Авлатарованың жақындары оның психологиялық жағдайына алаңдап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/998665-ayzada-avlotarovany-urlaghan-erkekke.html