RU

Британдық астронавт ғарыштан шатасып бейтаныс әйелге қоңырау шалды

Ғарыш стансасында жұмыс істеп жатқан британдық астронавт Тим Пик байқаусызда Жердегі бейтаныс әйелге қоңырау соқты деп хабарлайды 24 арна шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Ол бұл туралы өзінің Twitter парақшасында хабарлайды.

"Мен жаңа ғана қоңырау шалып тұрып,«Саламатсыз ба, бұл Жер планетасы ма?» деген әйелден кешірім өтінемін. Себебі менің осы ғарыштан қоңыраулатқаным рас. Тек нөмірден қателесіппін!", - деп жазды Пик.

The Daily Telegraph хабарлауынша, есесіне астронавт телефон арқылы жұбайы Ребекканы ала алмаған. Ата-анасымен де сөйлесудің сәті болмапты. Сол себепті ол туыстарына арнап, жауапты автоматты түрде қабылдағыш аппаратқа сәлемдеме жазып қалдырған.

Естеріңізге сала кетсек, майор Тим Пик ғарыш стансасында 15 желтоқсаннан бері жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/998689-britandyq-astronavt-gharyshtan-shatasy.html