RU

Ұрланған құнды сақинасын 2 жыл өткен соң құрбысынан тапқан әйел оны сотқа берді

Ресейдің Краснодар өлкесі Белореченский ауданы Родники кентінің тұрғыны жоғалғанына екі жыл өткен соң, әлеуметтік желіге фотосуретін қойған танысының қолынан өз алтын жүзігін танып, оны сотқа берді деп жазады ресейлік БАҚ.

«Комсомольская Правда» басылымы жазғандай, екі жыл бұрын жаз айында сақинасын жоғалтқан келіншектің үйіне құрбысы Маргарита Тоскина келген. Бірақ, қонағы кеткеннен кейін ол құны 75 мың рубль (348 мың теңгеден астам) тұратын алтын жүзігін таба алмай қалады.

Әйел жүзіктің жоғалғанын өзінің салақтығынан көріп, қатты сарылып іздемеген. Таяу күндері Тоскина мақтанып, әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүзікті көрсеткен фотосын жариялаған.

Фотоны құрбысы көріп, бұл жайында полицияға жүгінеді. «Жүзікті иесіне қайтарған Тоскина ұрлығы үшін енді сот алдында жауап беретін болды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды», - деп жазады «КП» басылымы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/998999-urlanghan-qundy-saqinasyn-2-zhyl-otken.html