RU

Ресейлік діндар Путин жұмаққа түсу үшін не істеу керектігін айтты

Діндар Всеволод Чаплин журналист Антон Красовскийге берген сұхбатында жұмаққа түсу үшін не керек екенін айтып, Ресей президенті Владимир Путин жұмақтың төрінде болуы әбден мүмкін екенін алға тартты.

Бұл туралы m.tvrain.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Путиннің жұмақтың төрінде отыруы әбден мүмкін. Оған тек көбірек бойсұну мен құдай мен Евангелийге қарым-қатынасында адалдық қажет», — деді ол.

Ал Ксения Собчак істеріне өкінбесе, жұмаққа түсе алмайды, нақты сенімін тауып, «өзін өзгертуі керек» дейді Чаплин.

Ол академик Андрей Сахаровтың нақты жұмаққа түспегеніне сенімді.

«Түспегені анық. Мейірімді, ақылды тағысын тағы жан болса да, түскен емес. Себебі, шынайы сенімді білмей өтті. Себебі, ол тек өз ақылына, өз күшіне сеніп өтті. Махатма Ганди секілді», — дейді Чаплин.

Айта кетерлігі, протоиерей Всеволод Чаплин шіркеудегі қызметінен 24 желтоқсан күні босатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/999157-din-qyzmetkeri-putinge-zhumaqqa-tusu-u.html