RU

XX ғасырдың ең үздік футболшысы жалақысы көп жұмыстан бас тартты

Кезінде футбол жұлдызы болған румын маманы Георге Хаджи өзіне ұсынылып отырған айлықты шамадан тыс көп деп есептеп, Қазанның «Рубин» командасының бас жаттықтырушысы қызметінен бас тартты.

Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасап ras.kz жазады.

Агенттік хабарлағандай, мұны журналист Эмануэль Рошу Twitter-дегі мироблогында атап көрсеткен. «Мен мұндай ұсынысқа еңбек сіңіре қойған жоқпын деп ойлаймын», деп келтіреді Рошу Хаджидің сөзін. Сұрастыра келгенде, «Рубиннің» румын жаттықтырушысына жылына төрт миллион еуро төлеуге дайын екенін білдіргені анықталды.

Биыл жасы 50-ге келген Георге Хаджи Румынияның XX ғасырдағы ең үздік футболшысы атанған. Қазіргі таңда ол румынның «Вииторул» клубын жаттықтырады.

Қазан футбол командасын чемпионаттың алдағы көктемгі кезеңіне Валерий Чалый дайындайды. Ол тізгінді 2014 жылдың қыркүйек айында Ринат Белялетдиновтің қолынан алған еді.

Қазір «Рубин» 18 турдан кейін 20 ұпаймен турнир кестесінде 9-орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/999442-rumyn-mamany-zhalaqysy-kop-zhumystan-ba.html