RU

Семейде биіктігі 2 метрден асатын қар жауды (фото, видео)

25 желтоқсаннан бастап тоқтаусыз жауған қардың салдарынан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үйлерінде қамалып отыр деп хабарлайды NUR.KZ басылымына тұрақты оқырманның бірі.

Айтуларынша, қылаулап түскен қардың биіктігі жер үйлердің төбесіне дейін жетті. Толассыз жауған ақ ұлпа ең бірінші Семей қаласына жақын Көкпекті ауылын басып қалған. Қазір жұртшылық қолда бар құрал-жабдықпен тек үйлерінің кіре берісін ғана тазартып жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, бұл өңірде биік қар жылда жауады. Ал биылғыдай аз уақытта бірден 2 метр түсуін ешкім күтпепті. Көшелерде де жол жабылып қалған. Ауыл арасымен қатынайтын жеңіл машиналармен жүрмек түгіл, оны қардың астынан аршып алудың өзі мұң болып отыр.

Сондай-ақ қалың қар Шығыс Қазақстандағы Зырян қаласына да түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/999451-semeyde-biiktigi-2-metrden-asatyn-qar-zh.html