RU

2015 жылы қазақ тойларында түсірілген ТОП-10 видео

Қазақ тойы қашан да қызыққа толы. 2015 жыл тойда түрлі өнер көрсетіп, сайысқа түскендердің, кортежімен мақтанғандардың видеосы көбейе түсті.

NUR.KZ порталы қазақ тойларындағы елді шулатқан жылдың ТОП-10 видеосын ZTB.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Той кезінде қалыңдықтың гүл шоғына таласқан арулардың видеосы талай рет ел назарына ілігіп, кейбірі, тіпті ғаламторда жұлдызға айналып үлгерген.

Мына тойда қалыңдықтың гүліне тек екі бойжеткен таласады. Гүлді жұлмалап, тартысқан арулардың ішінде қара көйлек кигені ақыры жеңіп шыққан.

Бұл тойда қалыңдық гүлді екі рет лақтырған. Себебі, бірінші ретінде гүл еденге құлап, оны жақын тұрғаны қолына алған. Екінші рет гүл лақтырудың арты жаға ұстатарлық тартысқа ұласқан. Бойжеткендер еденге құласа да, гүлге таласып, ақыры біреуі талан-таражға түскен гүлдің қалдықтарын жұлып алады.

Осы жолғы тойда гүл шоғын қалыңдық емес, оның анасы лақтырады. Гүлді ұстап алуға шыққан келіншектер талапай-ақ,  болашақ гүл иесін анықтайды.

Ал мына тойда гүлді күйеу жігіт лақтыруды шешкен. Бір қызығы гүлге таласады деп күткен жігіттер гүл лақтырылғанда жапа-тармағай қашқан. Осылайша, гүл еденге құлады.

Келесі видеоролик беташарға қатысты болмақ. Беташар кезінде тым қатты сәлем салып, басын еденге дейін иген қалыңдықтың видеосы Қазнетте қызу талқылауға түскен.

Қыз балалар тойға кішкентайынан дайындалуда. Бұған келесі видео дәлел болмақ.

Той адамды қатты шаршататынын бәрі де біледі. Мына видеода қалыңдық шаршағаны соншалық, елдің көзінше қалың ұйқыға кетеді. Видеоны көргендердің біразы өмірінің маңызды күнінде ұйықтап қалған аруды сынаса, енді бірі осыны түсіріп, мазақ еткен құрбыларына кінә артуда. Дегенмен жас жұбайлардың тойы ойдағыдай өтті деген үміттеміз.

Ал мына қалыңдық болса, тура той үстінде құлап кетіп, ыңғайсыз жағдайға қалған. Видеоны көргендердің дені көйлек киген қалыңдықтың шын мәнісінде шалбар киген ер азамат екенін алға тартқан.

Үнді киносы мен сериалдарының жанкүйерлері көбейе түскені рас. Мына видеодағы үнді биін тойда орындаған арулар біраз жұрттың көңілін көтерді.

Күйеуге шыққанына шексіз қуанып тұрған қалыңдық та Қазнетте ерекше сүйіспеншілікке бөленіп үлгерді. Өз тойында қатты беріліп билеген қалыңдықты жүргізуші әрең тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/999497-2015-zhyly-qazaq-toylarynda-tusirilgen.html