RU

Балалардың денсаулығына ақау түсіретін нашар тұрмыс әдеттері

Балалардың денсаулығына ақау түсіретін нашар тұрмыс әдеттерін namys.kz тізбектеп шықты.

Тамақтанғанда баланы күлдіру

Балалар тамақ жегенде, әсіресе күріш, жер жаңғағы, тәтті, жеміс уызшасы сияқты заттарды жегенде ата-аналар балаларды әсте күлдіруге болмайды. Өйткені балалар оңай қақалады. Азық балалардың кеңірдегіне бөгеліп ғана қалмастан уақыт ұзара келе тұншығады. Мамандар мұндай ойламаған жағдайлар көбінде мереке кезінде көп кездесетінін, ата-аналар қызық-думанға бой ұрып, балаға селқос қарауға болмайтындығын ескертті. Ата-аналар бала тамақтанғанда зейін қоя тамақтану әдетін жетілдіруге баулуы әрі тамақты толық шайнап жұтуды үйрету қажет.

Балаға беталды тамақтарды беру

Көптеген ата-аналар балалардың қоректтік жетіспеуінен алаңдап, дәрі-дәрмек, ішпек-жемекке сүйенеді. Мұндай әдет бала денсаулығына зиянын келтіреді. Күнделікті 3 уақыт тамаққа көкеніс, жеміс-жидектерді көп тұтынып, азықтықтарды тепе-теңдігін толықтауға көңіл бөлу қажет.

Балалардың құрсағына суық тигізу

Балалардың ас қорту қызметі толық жетілмеген, құсаққа суық тисе оңай іші өтіп, ас қорту нашарлап, тұмауратып, қызу өрлейді. Күн суытқан кезде балалардың құрсағын қорғауға көңіл бөлу қажет. Түнде ұйықтағанда бала үнемі көрпені теуіп ашып тастаса оларға кішкене жеңі ұзын жейде кигізіп ұйықтатқан жөн.

Балалар миының шайқалуы

Көптеген ата-аналар балаларды ұйқысы келгенде немесе жылағанда баласын құшағына алып жоғары-төмен тез тербейді. Алайда мамандар баланы құшаққа, тізеге қойып тез ырғау өте қауыпты екенін ескертеді. Өйткені балалардың бел омыртқа жүйесі толық жетілмегендіктен мұндай ырғау аса қауыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/999561-balalardynh-densaulyghyna-aqau-tusire.html