RU

Танымал экстрасенс Қазақстанды болашағы зор ұлы ел деп атады (видео)

Алматылық экстрасенс, "жоғары сиқыр шебері" Хотея 2016 жылы елімізді не күтіп тұрғанына қатысты 5 болжамын жасады.

Бұл туралы theopenasia.net-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Өзін көріпкел ретінде таныстырған алматылық тұрғын Қазақстан мен Орталық Азияның болашағын болжап берді.

Ол 2016 жылы Орталық Азия елдері арасындағы мәдени, экономикалық, саяси қарым-қатынас беки түсетініне сенімді.

Экстрасенс Қазақстанды керемет болашағы бар ірі держава деп атады. Ол елімізді келесі жылы не күтіп тұрғанын айтып берді.

Көріпкелдің сөзіне сенсек, Орталық Азия елдерінде туу көрсеткіші күрт өсетін болады. Келіншек отбасыларға қарым-қатынасын махаббатқа толтырмаса, бір-біріне суып кетуі мүмкін екенін ескертті.

Хотея аймақтың экономикалық дамуына да өз болжамдарын айтты. Ол ауыл тұрғындары жақсы егіннен мол табысқа кенеліп, кәсіпкерлерді тиімді келісімшарттар күтіп тұрғанын алға тартты. Ал спортшылар жаңа медальдар мен кубоктарды еншілейтін болады дейді экстрасенс.

Көріпкел доллар мен мұнай бағасына қатысты елімізді не күтіп тұрғанын болжады. Оның сөзіне сенсек, мұнай құны тиімді болып, доллар өсуін тоқтатады. Теңге алдағы бірнеше жылда ешқандай ортақ валютаға ауыса қоймайды дейді Хотея.

Экстрасенс алдағы жылы елімізді айтарлықтай табиғи апат күтіп тұрмағанын алға тартты.

Хотея неден сақ болу керектігіне қатысты да өз кеңестерімен бөлісті.

Көріпкел барлық жағдайда тұрақтылыққа қол жеткізудің жолдарын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/999849-ekstrasens-qazaqstandy-bolashaghy-zor.html