RU

Қазақстанда жезөкшелікті жою ұлттық катастрофамен аяқталуы мүмкін

Жезөкшеліктің жою - ұлтты жоюмен тең көлемді катастрофа болуы мүмкін. Шымкент тұрғыны елдегі жезөкшелікті жою туралы мәселеге қарсы өз пікірін білдірді.

Азамат бұл ойын Фейсбук желісіндегі жеке парақшасына жазып онда тәнін саудалайтын жеңіл жүрістілерді жазалаудың орнына әкімшілік тарапынан қолдау болу керек деп ойлайды. Шетелде білім алған жерлесіміз: «Жезөкшеліктің жою - ұлтты жоюмен тең көлемді катастрофа болуы мүмкін. Осы факторларды ескере келе, жезөкшелік саласының біздің қоғамдағы толеранттылық пен тұрақтылыққа тигізіп жатқан ерекше пайдасы жөнінде бір ауыз айтпасқа болмай тұр. Барлық, саланың өз жүйесі болмағы шарт. Өкінішке орай, дәл қазіргі таңда қалаларымыздағы жезөкшелік саласының жағдағы жыларман халде. Жаңашылдық жоқ. Сондықтан, бұл саланың дамуына әкімшіліктер тікелей мүдделі болуы керек. Осының аясында "Қолжетімді Жезөкше" бағдарламасы қолға алынса» деген.

Блогердің сөзінше, жезөкшелік мемлекет тарапынан бір тиында жәрдем алмай, өз күшімен пайдаға шығып отырған жалғыз сала. Сондықтан да оның пайдалы және қажет тұстарын атап өткен.

1) Жезөкшелік - жыныстық зорлық форматындағы қылмыстарға қалқан болатын бірден бір жол. Ол үшін аталмыш бағдарлама негізінде әртүрлі мәдени орталықтар салынуы керек. Ондағы қызмет көрсететін қыздарды категориялар бойынша бөліп қоясыз. Сәйкесінше, адамдар қалағанына кіре алады. Ал психикасы зорлыққа құмар азаматтар қылмыстық рискке бармай-ақ, қанағаттана алады.

2) Жезөкшелік - сапалы мамандардың қалыптасуына ықпал ететін сала. Антимонополиялық ұйымдар жезөкшелердің бағаларын бақылау жасауы тиіс. Өйткені, қыздарымыздың көп бөлігі оңай және көп ақша табу мақсатында, білімі аз яки жұмыстың реті болмағандықтан барады. Алматының бағалары сұмдық, негізі. Әрбір энергиясы тасыған жас үшін қолжетімсіз. Егер баға арзандатылса, қыздарымыз да беталды жезөкше болып кете бермесі анық. Мемлекеттік стандарт бойынша, күніне 8 сағат және аптасына 40 сағаттық жұмыс режимі күштеп енгізілуі керек. Әр жезөкше мемлекеттік қызметкер атанып, антимонополиялық комитеттің көмегімен мемлекеттік сала жекеленген ұйымдарды жұтып жібеуі тиіс. Сонда ғана білімді көтеріп әртүрлі дұрыс жұмыс істеуге мотивация артады жастарымызда.

3) Жезөкшеліктің мемлекеттік секторға өтуі экономикаға пайдасын әкелетін үлкен факторға айналады. Жезөкшелердің құқығын қорғайтын өауымдастықтар құрылып, олармен жұмыс істеудің, олардың дұрыс hәм сапалы жұмыс істеуінің ережесі жасалынып шығуы керек. Осының нәтижесінде тұрақтылық болады.

4) Жыл сайын жезөкшелік ұйымдар мен жеке тұлғаларға процентсіз субсидиялар бөлінуі керек. Айына 150-200 адамға қызмет көрсете алмай жоспарды орындай алмаған жағдайда қатаң сөгіс жариялануы тиіс. Құрылымда бюджетті жымқыру актілері орын алмауы үшін оның барлығын видео немесе фото форматта CRM жүйелер арқылы есептер жіберіліп отырылуы керек.

5) Жезөкшелік бойынша шетелден кәсіби мамандарды қызметке шақыру керек. Бәсекелестікке қабілетті жезөкшелер ғана қалып, халтурить етіп жүрген қыздарды өз салаларына жіберу керек. Солай ғана жезөкшелік саласы тазарады. Қалған ешқандай фактор оған тосқауыл емес. Жөзөкшелікті жоюдың бірден-бір жолы - оны жүйелеп дамыту ғана.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін алматылық блогер қала басшысы Бауыржан Байбекке шаһарды жеңіл жүрістілерден тазарту туралы ұсыныс айтқан еді. Көпшілік бір ауыздан қолдағанымен бұл мәселе жақын арада шешілуі екіталай. Себебі, Алматы қалалық ішкі істер департаментінде 2000-нан астам жезөкше қара тізімде тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/999938-qazaqstanda-zhezokshelikti-zhoyu-ulttyq.html