Алматыда жолға таласқан жүргізушілер жаға жыртысты
Опубликовано:
Алматыда Шолохов көшесі бойында көлік жүргізушілері төбелесті. Бұған Mitsubishu Outlander маркалы автокөлігінің апаттық жағдай туғызып, ZAZ Vida автокөлігінің алдын кесіп өткендігі себеп болған деп хабарлады Қазақпарат.
Бұл төбелес сол көліктердің артында келе жатқан машинаның бейнекамерасына жазылды. Көп ұзамай бейнетаспа әлеуметтік желілерде пайда болып, жұрттың сынына қалды.
Онда Mitsubishu көлігінен бір жолаушының түсе салып, ZAZ көлігінің жүргізушісіне жұдырық ала жүгіргені көрсетіледі. Ал Mitsubishu көлігінің әйел жүргізушісі еркектерді ажыратуға тырысады.
Сол арада оған тағы екі әйел көмекке келе қалады. Бірақ, әрі қарайне болғаны белгісіз. Өйткені, бейнежазылым дәл осы сәтте тоқтатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1016078-almatyda-zholgha-talasqan-zhurgizushile-3/