Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ер адам туған анасының бетінен теуіп, соққыға жықты

Опубликовано:

Атырау облысының Құлсары қаласында жергілікті тұрғын өз анасына зәбір көрсеткені үшін 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Құлсарыда тұратын соқталдай жігіт басқа емес, өзін 9 ай құрсағында көтеріп, аялаған анасына тіл тигізген. Ол үйіне арақ ішіп келіп, мас күйінде анасын еш себепсіз боқтап-балағаттап, сүйрелеумен шектелмей, бетінен теуіп, соққы да жасаған. Баласынан боқтық сөз естіп, соққы жеу ана үшін оңай емес, ол қорғану мақсатында бетін алақанымен жауып қалған.

Баласының өрескел әрекетінен әбден көңілі қалып, жүрегіне қаяу түскен ана сотқа жүгінеді. Өйткені, анасының сотта мәлім еткеніндей, баласы күн сайын үйіне арақ ішіп келеді екен. Өзі өсіп-өнген шаңырағының шырқын бұзып, берекесін кетіретін баласын жазалауды өтінеді.

Сот отырысында айыпты өз кінәсін толық мойындап, анасынан кешірім сұрады. Тараптардың уәждерін тыңдаған Жылыой аудандық соты кінәліні Қылмыстық кодекстің 108-бабымен айыпты деп танып, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жөнінде үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1027146-atyrauda-anasynynh-betinen-teuip-soqq/

pixel