Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен газ тасымалдайтын көлік соқтығысып қалды (фото, видео)
Опубликовано:
Маңғыстау облысында пойыз бен газ тасымалдайтын көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші қайтыс болды деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
«28 қаңтар 16:30-да Маңғыстау облысының Сай-Өтес-Бейнеу учаскесінде №6 разъезд ауданындағы күзетілмейтін өткелде газ тасымалдайтын көліктің Маңғыстау-Алматы бағытындағы № 377 жолаушылар пойызымен соқтығысты", — делінген хабарламада.
Машинистің айтуынша, көлік теміржол өткелінде тұрған, бірақ оның жүргізушісі пойызға жақын жерде қозғалысын бастаған. Машинист шұғыл тежегішке басқанымен, ара-қашықтық тым жақын болған.
Газ цистернасын тасымалдаған көлік "ҚарақұдықМұнайГаз" АҚ-ның иелігінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1028757-manhghystau-oblysynda-zholaushylar-poyy/