RU

Түркістанда ит тістеп алған әйел құтыру дертінен көз жұмды

Түркістанда құтыру диагнозы қойылған әйел қайтыс болды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Туыстарының айтуынша, марқұмды былтыр желтоқсан айының соңында көшеде жүрген ит тістеп алыпты.

Бірақ, жәбірленуші дәрігерге бірден көрінбеген. Тек сырқаттанған соң, осыдан 1 апта бұрын ғана дәрігерге қаралыпты.

Қалалық ауруханада жәбірленушіге бірден көмек көрсетілгенімен, дерттің асқынғаны анықталған. Көп ұзамай әйел көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1036953-turkistanda-tistep-alghan-ayel-quty/