Жамбыл облысында ұрлыққа түскен жасөспірім кішкентай баланы өлтіріп кетті
Опубликовано:
Жамбыл облысында жеке үйді тонау кезінде кішкентай бала өлтірілді деп хабарлады NUR.KZ порталына аймақтың ІІД баспасөз қызметі.
"2016 жылдың 15 ақпан күні сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жеке үйлердің бірінде зорлық белгілері бар кәмелетке толмаған А.С. Дүйсенбек есімді баланың мәйіті табылды", - деп хабарлады ІІД.
Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 2 бабына (кәмелетке толмаған баланы өлтіру) сәйкес тергеу жүргізілуде.
16 ақпан күні 1998 жылы туылған күдікті құрықталып, уақтыша оқшаулағышқа қамалды. Ол өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді.
Белгілі болғандай, қылмыс қаза болған баланың үйіндегі мүлікті тонауға байланысты жасалған деп мәлімдеді ІІД.
Біршама сот сараптамалары тағайындалып, өзге де қажетті шаралар ұйымдастырылуда.
Халықтың алаңдаушылығына байланысты құқық қорғау органдары тергеудің бастапқы нәтижелері туралы жиналғандарға шынайы ақпарат таратты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1048673-zhambyl-oblysynda-er-kisi-uyge-urlyqqa/