Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда мас жүргізуші қыздың әкесі полицияны жұдырықтады

Опубликовано:

Қарағандыда студент қызы мас күйінде көлік жүргізген қала тұрғыны хаттама толтыру кезінде полиция қызметкеріне қол жұмсады.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 21 жастағы студент қызды жол полициясы мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен тоқтатқан болатын. Тексеру барысында наркологиялық орталықтың мамандары көлік жүргізушісінің шынында да спирттік ішімдік ішкенін растады.

Алайда, студент қыз бен оның әкесі полиция бөлімшесіне барып, әкімшілік хаттама толтыру туралы тәртіп сақшыларының талабына көнбей, оларға қарсылық көрсеткен. Нақтырақ айтқанда, студент қыз ұрыс-керіс шығарса, оның әкесі полиция қызметкеріне жұдырық жұмсаған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қыз бен оның әкесін жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1079210-qaraghandyda-mas-zhurgizushi-qyzdynh-ake/

pixel