Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Іші пысып, вагонға мініп алған қостанайлық қыз өлім аузынан қалды (фото)

Опубликовано:

Қостанайда вагон үстін қызықтамақ болған 17 жастағы оқушы қыз тоққа түсіп, ауыр жарақат алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Вагон үстіне көзді ала бере мініп алған жасөспірім 27 000 В электр тоғына түскен. Көмекке шақырып, бір сағат бойы орнынан тұра алмай жатқан оқушы қызды күзетші көріп қалып, құтқарушылар оны бір жарым сағатта әзер алып шыққан.

Қалалық емхананың жансақтау бөліміне түскен жасөспірімнің бүгінде жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

"Электр жарақатының салдарынан денесінің 30 пайызы күйген. Күйік терең болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр", - дейді Қостанай қаласы емханасының бас дәрігері Самат Шүменбаев.

Өз әрекетінің себебін оқушы қыз түсіндіре алмады. Айтуынша, вагонның үстіне іші пысып, оны қызықтау үшін мініп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1091832-vagon-ustin-qyzyqtamaq-bolghan-qostan/

pixel