Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бір жарым айлық сәби психотропты дәрі егілгеннен кейін тіл тартпай кетті

Опубликовано:

Алматы облысында бір жарым айлық сәби психотропты дәрі егілгеннен кейін көз жұмды деп хабарлайды NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап.

Бір жарым айлық Богданның өлімінің ресми себебі - бас миының ісінуі және бронхит. Алайда баланың анасы бұған ақ халаттылар кінәлі деп санайды.

Ауданның орталық емханасында суық тиюден емделген нәрестеге дәрігерлер психотропты дәрі еккен. Богданның анасы Людмила Матвееваның айтуынша, баласы қатты жылай бергендіктен, дәрігерлер оған тыныштандыратын укол салған.

"Медбике уколмен келгенде "олай бола ма?" деп сұрадым. Ол "иә, дәрігер рұқсат берді. Дәрігердің тағайындағаны" деген жауап қатты. Дәріні еге бастағанда балам бірден көкпеңбек болып шыға келді", – дейді Людмила.

Дәрі егілгеннен кейін бала бірден демалмай қалған. Оны сол жерде жансақтау бөліміне алып кетіп, бірнеше сағаттан кейін анасына сәбидің қазасы туралы хабар жеткізген. Дәрігерлер бәріне мидың ісінуі мен бронхит кінәлі деп сендіруге тырысқанымен, Богданның анасы бұған "Брюзепам" себеп болғанына сенімді.

Транквилизаторлар қатарына енетін "Брюзепам" дәрісін эпилепсия, алкогольды абстиненция және психологиялық алаңдаушылық кезінде тағайындайды. Дәріні өкпенің асқынған жетіспеушілігі мен өкпе сырқаттары кезінде қабылдауға болмайды.

Людмила Матвеева бұдан бөлек Богданның 3 келі 800 грамм ғана салмақта болғанын алға тартты. Оның айтуынша, баласы тағы бес келі жинамай тұрып, оған ешқандай укол салуға болмайтын. Алайда дәрігерлер "Брюзепам" тағайындағандарын қателік деп санамайды.

"Ондай жоқ, бір келі салмаққа 0,2-0,3 миллиграмм рұқсат етіледі. Егер бала 2 келі болса, біз 0,4 немесе 0,3 миллиграмын қосамыз", – деп сендірді Қаратал емханасының балалар бөлімі меңгерушісі Дариға Төлегенова.

Дегенмен Людмила Матвеева мен оның әпкелері дәрігерлерге сенбей, олардың үстінен полицейлерге шағым түсірді. Енді ақ халаттыларды ұзақ тексеріс күтіп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1093913-almaty-oblysynda-nareste-psikhotropt/