Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда оқу-жаттығу жиынында граната жарылып, екі әскери жарақат алды

Опубликовано:

7 сәуір күні Қарағанды облысы Қарабас ауылында полигондағы оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери граната жарылды. Салдарынан екі әскери адам жарақат алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы ІІД аймақтық әскери-тергеу басқармасының қарағандылық бөлімінен мәлімдеді.

«Қаза тапқандар жоқ. «РГД 5» гранатасының неге жарылып кеткенін тергеу барысында анықтаудамыз. Біздің қызметкерлер оқиға орнына жөнелтілді», - деді аймақтық әскери-тергеу басқармасының өкілі.

№ 6505 әскери бөлімі штабының басшысы, полковник Қайрат Үмбетов және жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанкұлов Абай аудандық емханасына жарақаттармен жеткізілді. Оқу-жаттығу жиыны уақытша тоқтатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1094673-qaraghandy-oblysynda-eki-askeri-adam-o/

pixel