Оралда жоғалып кеткен 25 жасар жігіттің мүрдесі табылды
Опубликовано:
Орал қаласында 21 ақпан күні түнде үйінен шығып, жоғалып кеткен 25 жасар Андрей Галяниннің мүрдесі табылды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы оқиғаға байланысты кезінде А.Галянинді біреудің өлтіріп кетуі, тіпті оның Сирияға кетуі мүмкін деген сықылды түрлі жорамалдар айтылған болатын. Бұл жерде полицейлердің назарын аударған Андрейдің әкесінің сөзі болды.
Жігіт түнде өзімен бірге құрал-саймандар салынған шағын сөмкесін ала кеткен. Сондықтан оның аккумулятор, электр сымдары мен кабельдерін, құрамында түсті металл бар басқа да бұйымдарды ұрлаумен айналысуы мүмкін еді. Ақырында осы жорамал шындыққа айналды.
15 сәуір күні А.Галяниннің денесі Орал қаласындағы Орда көшесі, 25-мекенжайы бойынша «Гео-Кент» ЖШС аумағындағы трансформатор подстансасы ғимаратынан табылды. Кіреберіс есікті бұзу іздері бар, мүрденің жанынан жарық түсіретін шам, қысқаш және сөмке табылған. Сөйтіп ол электр тогына соғылып, қайтыс болған. Подстансада электр кернеуі 10 мың вольтқа жетеді.
«Гео-Кент» ЖШС аумағына заңсыз кіру, электр бұйымдарын ұрлау әрекеті құжатталды, оған байланысты тергеу амалдары бөлек жүргізілмек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1104179-oralda-zhoghalyp-ketken-25-zhasar-zhigittinh/