Жамбыл облысынан шымкенттік кәсіпкер әйелдің өлі денесі табылды

Опубликовано:

Жамбыл облысында хабарсыз кеткен шымкенттік кәсіпкердің мәйіті табылды. Құрықталған күдікті өз кінәсін мойындап отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылдың 17 сәуірінде Мойынқұм ауданының ІІБ-не шымкенттік кәсіпкердің жоғалып кеткені туралы жақындары хабар берді.

49 жастағы әйел Павлодардан КАМАЗ жүк көлігінің жүргізушісімен бірге"Екатеринбург-Алматы" тас жолы арқылы жолға шыққан.

Факті бойынша Жамбыл облысының ІІД басшысы Тілеген Маткеновтің бұйрығымен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары іздеу шаралары барысында 19 сәуір күні кәсіпкер әйелдің күйік шалған мәйітін тапты.

Оңтүстік Қазақстан облысының 37 жастағы азаматы күдікті ретінде қамауға алынды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Күдіктіден заттай дәлел ретінде қомақты ақша тәркіленді.

"Өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1107259-zhambyl-oblysynda-zhoghalyp-ketken-shymk/