ОҚО-да жоғалған қыз бала мен оның туыс әпкесінің мәйіттері табылды
Опубликовано:
ОҚО-ның Түлкібас ауданында жоғалып кеткен оқушы қыз бала мен оның туысының мәйіттері табылды. Бұл туралы ОҚО-ның ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
ОҚО-ның Түлкібас ауданында із-түссіз жоғалғандарды іздеуге полицейлер, құтқарушылар, аңшылар, әскер сарбаздары және жергілікті тұрғындармен бірлескен 520 адам жұмылдырылды.
"Нәтижесінде жоғалған 2009 жылғы туылған Іңкәрбек Инабат Нұрқанатқызы және оның туысы 1960 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны Баймуратова Әшіркүл Чатавқызының денесі таудан 10 шақырым қашықтықта Түлкібас бекеті бағытындағы Қарақуыс шатқалынан табылды, ешбір зорлық белгісі жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.
Полицейлер аталған жайтты Түлкібас АІІБ Бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестіріне тіркеді.
Қазіргі таңда оқиға орнында Аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Тергеушілер соңғы процессуалдық шешім қабылдау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады.
Еске салсақ, 2016 жылдың 17 сәуір күні, сағат шамамен 23.40-та Түлкібас аудандық ішкі істер бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын өзінің із-түссіз жоғалған 2009 жылғы немере жиені мен 1960 жылғы алыс туысының Түлкібас ауданындағы Дәубаба шатқалындағы тауларға жаңбырдың жауып тұрғанына қарамастан, кешкі сағат 18.30 шамасында серуендеуге кетіп, үйге қайта оралмағаны туралы хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1108077-oqo-da-zhoghalghan-qyz-bala-men-onynh-tuys/