Алматы облысында қуаты 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Опубликовано:

Қазақстандық сейсмологтар Алматы облысында қуаты 4,2 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.

26 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 09.39-да «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы оңтүстік-шығыс бағытта Алматыдан 146 км жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV – 4,2 балл.

Адам шығыны мен қирандылар туралы мәліметтер жоқ. Алматыда жер асты дүмпуі сезілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1112276-almaty-oblysynda-quaty-42-balldyq-zhersi/