Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да 40-тан аса еркекке зорландым деп шу шығарған келіншектің қулығы әшкереленді

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстанда 40-тан аса еркекке зорландым деп шу шығарған келіншектің қулығы әшкереленді деп хабарлайды КТК арнасы.

20-дағы жігіттерден бастап 80-дегі қариялар да қорлады де шағымданған әйелдің тергеу кезінде азаматтарға таққан айыбы дәлелденбеді. Бұл бәлеқор әйел мен оның күйеуінің ақша табу амалы боп шыққан.

Қарабұлақ ауылының еркектері жұрт көзіне көрінуден қалған. Мұндағы 42 тұрғынға Ділмұрат есімді ауылдастары келіп әйелімді зорладың, енді пәлен сома бермесең түрмеде шірітем деп қоқан-лоққы көрсетіпті. Сасқанынан кейбірі ақша беріп құтылған.

"Не асқа, не тойға бара алмаймыз. Далада жүре алмайтын болдық. Елдің бәрі қарап күлетін болды. Мазақтайтын болды. Не деген сұмдық, 8 балам, 24 немерем бар", - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Азат Құдайбергенов.

Тізімде бозбаладан бастап, 80-дегі қарияға дейін бар. Өздерінің біреуді зорлағанын көбісі тергеуге шақыртқан да бір-ақ біліпті. Жұрт Қисық Дима деп кеткен Ділмұрат осылайша 42 адамнан 50 миллион теңге өндірмекші болған екен.

Ал, жұрттың бәріне зорландым деп арызданған 25 жастағы Севара тіпті еркектермен қоса кейбір әйелдер де зорлауға қатысты деп көрсеткен екен.

"Севарамен бірге жастық тігетін цехта істеп жүріп таныстық. Күйеуінен таяқ жегенде менің үйімде бір айдан астам тұрған кезі де болды. Сол кездері мен қыздарыммен бірге қинап ұстап әкеме зорлатқызды деп жазыпты. Әкем біреуді зорламақ түгілі өзі әрең жүр", - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Нұрзада Хасанова.

Арыз жазылған кезден бастап әр еркекті бірнеше мәрте ауданнан бастап, облысқа дейін тасып тергеген полицейлер ешқайсысынан кінә таппапты. Кейін Севараның өзі жауапқа алынған. Сөйтсе, келіншектің өзі мұндай қитұрқылыққа күйеуі мәжбүрлегенін айтқан көрінеді.

"Барлық іс-әрекеттер күйеуінің көрсетуімен жүргізілген. Яғни, оның ойлары адамдардан қаражат ақша алу боп саналады. Ия, бопсалау боп саналады", - дейді ОҚО ІІД аға тергеушісі Тимур Сайымқұлов.

Қисық Диманың өзі Сайрам ауданында сол Севарамен бірге тұрып жатқан көрінеді. Кісі ойына кіріп шықпайтын қитұрқы жоспармен пайдаға кенелмекші болған ерлі-зайыптылар 2 адамнан жарты миллионнан астам қаржы да алып үлгеріпті. Қазір, полицейлер сотқа дейінгі тексеруді бастап, Ділмұратты қылмыстық жауапқа тартпақшы.

Еске сала кетсек, ОҚО тұрғыны жарты ауылға өзін жабылып зорлады деген айып тағып, жұртты дүрліктірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1113260-oqo-da-ayeldinh-zorlady-degen-zhalasyna/