Жаңаөзенде жаңадан салынып жатқан үйдің төбесі опырылып, екі бала астында қалды

Опубликовано:

Жаңаөзен қаласында жаңадан салынып жатқан үйдің төбесі опырылып, екі  бала астында қалып қойған. Балалар құрылысы жүріп жатқан үйдің бөлмесінде ойнап отырған.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бір мен үш жастағы бүлдіршіндердің бастарына шатыр құлағанда бірден естерінен танып, оларды ата-аналары ұзақ уақыт шығара алмаған. Ақыры төтенше жағдайлар қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болыпты.

Құтқарушылардың айтуынша, о баста үйдің тіреуіштері дұрыс қойылмаған. Яғни, құрылыс талапқа сай емес. Ағаштардың арасы тым қысқа екен. Қазір мамандар баспанада тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал, зардап шеккен екі бала дәрігерлердің бақылауында.

"Бұның басты себебі, құрылыс жүргізу кезінде құрылыс нормативтивтік ережелерін өрескел бұзу салдарынан орын алып отыр. Себебі үйге салынатын перемешканың орнына ағаш салып жіберген. Соның үстіне салынған ауыр жүктің салдарынан ағаш белдіктің сынып кетіп, опырылып түсу оқиғасы орын алып отыр", - деді Жаңаөзен қалалық ТЖ бөлімінің басшысы Нұрдәулет Саттықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1113313-zhanhaozende-zhanhadan-salynyp-zhatqan-uy/