Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының Алғабас кентін су басты (фото)

Опубликовано:

Алматыда Қарғалы өзені арнасынан тасып, Алғабас кенті су астында қалды. Бұл туралы ІІД Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

29 сәуір күні кешкісін Алатау ауданының Бейбітшілік көшесінде Қарғалы өзені арнасынан тасыды дейді құзырлы мекеме. Салдарынан 14 үй су астында қалды.

Оқиға орнында Алматының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары, Алатау ауданы Төтенше жағдай бөлімі мен «Алматы Тазылық» қызметкерлері тұрғындарға көмек көрсетуде.

70 адам мен 17 бірлік техника жұмылдырылды. Қарғалы өзенінің жағасы мен үйлердің айналасына құм толы қаптар қойылуда. 45 тонна құм арнайы су басқан аймаққа әкелінді.

Бұған дейін қатты жауыннан Алматы облысында су басу қаупі туралы ескерту жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1116921-almatynynh-alghabas-auylyn-su-basty-fot/