Ішіп алған 21 жастағы бойжеткен Air Astana ұшағының бортында жанжал шығарған

Опубликовано:

Air Astana әуе компаниясының «Алматы – Куала-Лумпур» бағытында ұшатын ұшағында ішіп алған 21 жастағы Қырғызстан азаматшасы жолаушылар мен жолсеріктерді балағаттап, шу шығарды.

Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтары  жазады.

«Алматы қаласының желілік бөліміне Air Astana әуе компаниясының қызметкерлерінен Алматы - Куала-Лумпур бағытында ұшатын ұшаққа жолаушыларды отырғызу кезінде Қырғыз республикасының 1994 жылы туған туған азаматшасының мас екені туралы хабар түсті», – деп мәлімдеді Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Әленова.

Полиция бойжеткеннің үстінен Қылмыстык кодекстің «Әуе кемесінде өзін ұстау тәртібін бұзу» және «Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу немесе мас күйінде болу» деген екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Алматы әуежайының анықтама қызметі ұшақтың кестедегі уақытынан 45 минутқа кешігіп ұшқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1123848-iship-alghan-23-zhastaghy-boyzhetken-air-astana-ushaghy/