Қарағандылық ардагер көршісінен қарызын сұрағаны үшін таяқ жеді
Опубликовано:
Қарағандылық ардагер көршісінен қарызын сұрағаны үшін таяқ жеп, мерекені ауруханада қарсы алды деп хабарлайды КТК арнасы.
Тыл ардагері Тұрсын Қошжанов ауылдасынан берешегін сұраймын деп басы бәлеге қалған. Екі ағайынның бір-бірімен жасалған ауызша келісімі бойынша ардагер көршісінен қарызды қайтаруын талап етеді.
Алайда ұрыс шығып, оның арты қол жұмсаумен аяқталған. Қазір онсыз да әл-дәрмені азайған қарияның миы шайқалып, дәрігерлерге қаралып жүр.
"Бір уақытта миым солқ ете түскенін білем. 10-15 минут жатып қалдым. Маңайымда ешкім жоқ. Сосын бір ойнап жүрген балалар «ата, ата» деп әлгі тілеуің бергірлер тұрғызды. Есіктің алдында құдық бар. Сол құдықтың жанында тұр әлгі ұрған жігіт", - дейді тыл ардагері Тұрсын Қошжанов.
Сонымен қатар оқыңыздар:
Өскемен тұрғыны Жеңіс күнінде қарт майдангерді аяусыз соққыға жықты
Өскеменде өлі егіздерді туған келіншек көп ұзамай көз жұмды
Ақтөбеде зауыттағы жарылыстан екі жұмысшы қаза тапты
Оралда бесінші қабаттан құлаған екі жасар бала есін жимастан, көз жұмды
Алматы облысының екі тұрғыны ауылдасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1125289-qaraghandylyq-ardager-korshisinen-qar/