Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жауыннан топырақ жылжып, үй зақымданды (фото)

Опубликовано:

Алматының жоғарғы жағындағы Алатау шағын ауданында топырақ көшкіні жүріп, екі қабатты үйді ішінара зақымдады.

Бұл туралы жергілікті агенттіктерге сілтеме жасап Азаттық хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 11 мамыр күні сағат 10:30 шамасында топырақтың жаңбырдан қатты ылғалдануынан екі мың текше метрді құрайтын сазды лайлы жер жылжыған. Оның салдарынан Екі қабатты жеке меншік үйдің терезе ойығы жартылай қираған. Көшкіннен ешкім зардап шекпеген. Иманқұловтың сөзінше, топырақтың қатты ылғалданып жылжуына Алматыда бірнеше күн жауған жаңбыр себеп болған.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар тазалау жұмыстарын жасап жатыр.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Шымкентте жүргізуші жолақта екі баланы қағып өлтірді

Қарағандылық ардагер көршісінен қарызын сұрағаны үшін таяқ жеді

Өскеменде өлі егіздерді туған келіншек көп ұзамай көз жұмды

Ақтөбеде зауыттағы жарылыстан екі жұмысшы қаза тапты

Оралда бесінші қабаттан құлаған екі жасар бала есін жимастан, көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1125406-almatyda-zhauynnan-topyraq-zhylzhyp-uy-z/