ОҚО-да таксиге мінген студент қыз із-түссіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Оңтүстікте студент қыз жоғалып кетті. 10 мамыр күні Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне Сүннет Оспанбеков есімді тұрғын хабарласып, қызының жоғалғанын айтады деп хабарлайды Отырар арнасы.

10 мамыр күні 15:00-де 1998 жылдың 5 маусымы күні туған қызы Әйгерім Оспанбекова Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауыл округінің Жаңатұрмыс ауылынан Шымкентке қарай жолға шығады. Әйгерім қаладағы Халықтар достығы университетінде оқиды.

Әйгерімнің ағасының айтуынша, студент қыз жолда жатақханада бірге тұратын көршісіне смс-хабарлама жазып, Шымкентке кіреберістегі «Колос» жер асты өткелінде күтіп алуын өтініп, жүргізушіден қатты қорқып келе жатқанын білдіреді.

Содан бері Әйгерім үйіне де, университетке де келмеген.

Әйгерім Оспанбекованың белгілері: бойы — 160-165 см, орташа денелі, шашы ұзын, қоңыр. Көздері қысыңқы, қара. Құлағында ромбы пішіндес сырғасы болған. Ерекше белгілері жоқ. Үстіне қызыл футболка (кеудесінде ақ түсті жүрек суреті бар), қоңыр джинсы, аяғына қара кеды киген. Өзімен бірге қол сөмкесі мен жол сөмкесі бар.

Тағы да оқи алатыныңыз:

Ақтөбеде тағы бір көкек ана нәрестесін дәретханаға тастап кетті

Өмір бойына жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығады

Мұхтар Шаханов Жер туралы комиссияның құрамына енді

Зиялы қауым президентке ашық хат жолдап, білім саласындағы эксперименттерді тоқтатуды талап етті

"Панама құжаттарында" аты аталған қазақстандық бай-бағландар түсініктеме беріп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1126414-oqo-da-taksige-mingen-student-qyz-iz-tu/