Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында ер адам көзіне шөп салған әйелін қылқындырып өлтірді

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жантүршігерлік жағдай болды. Ер адам көзіне шөп салған әйелін қылқындырып өлтірді. Бұл туралы "Времяға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қарғалы ауданының дәрігері өз күйеуіне өзгеге ғашық болып қалғанын айтып, айырылсу туралы сөз қозғайды. Әйелдің бұлайша ағынан жарылғаны күйеуінің ашуын келтірген.

Ол жарының көңілдесі кім екенін айтуды талап етеді. Алайда одан әрі тіс жармай қойған әйелі ер адамды екі есе ызаландыра түседі. Ақыры ашуға булыққан азамат жарын мойын орамалымен тұншықтыруға кіріседі.

Жерге ес-түссіз құлаған әйел сол кезде тыныстамай қалған. Сараптама әйелдің қазасы тұншығудың салдарынан болғанын анықтады. Күдікті уақтыша оқшаулағышқа қамалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқи алатыныңыз:

Ақтөбеде тағы бір көкек ана нәрестесін дәретханаға тастап кетті

Өмір бойына жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығады

ОҚО-да таксиге мінген студент қыз із-түссіз жоғалып кетті

Зиялы қауым президентке ашық хат жолдап, білім саласындағы эксперименттерді тоқтатуды талап етті

"Панама құжаттарында" аты аталған қазақстандық бай-бағландар түсініктеме беріп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1126623-aqtobe-oblysynda-er-adam-kozine-shop-sa/