ШҚО-да із-түссіз жоғалған 14 жастағы қыздың мәйіті табылды
Опубликовано:
Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында сегіз ай бұрын жоғалып кеткен он төрт жастағы Айым Ұлтомбаеваның мәйіті табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталына қыз баланың жақындары хабарлады.
Айым Ұлтомбаеваның мәйітін Шар қаласында жерге көмулі күйінде жергілікті тұрғындар тапқан.
«Бұл жантүршігерлік хабар. Кеше анасы Айымның мәйітін мүрдеханада таныды. Содан кейін оның жағдайы нашарлап кетті. Бүгін біз Айымның мәйітін алып кетіп, ертең жерлейміз. Бұл өте ауыр, енді бізде үміт те қалмады», - дейді қыз баланың туысы Ринат Мадыбаев.
Полицейлер сол арада оны өлтірген күдіктіні анықтады.
«Біз қылмысқа қатысы бар адамды анықтадық. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып, дәлелдер жиналуда. Бар айта алатыным осы», - дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.
Еске салсақ, 14 жастағы Айым 2015 жылдың 12 қыркүйегінде тура үйінің алдында жоғалып кеткен. Жақындары бірден полицейлерге хабарлап, іздеу салған. Олар қыз баланы діншіл фанаттар ұрлап кетті деп топшылаған.
Полицейлер қыз баланы бүкіл Қазақстан аумағы бойынша іздестірген.
Тағы да оқыңыз:
ОҚО-да таксиге мінген студент қыз із-түссіз жоғалып кетті
Ақтөбеде тағы бір көкек ана нәрестесін дәретханаға тастап кетті
Өмір бойына жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығады
Мұхтар Шаханов Жер туралы комиссияның құрамына енді
Зиялы қауым президентке ашық хат жолдап, білім саласындағы эксперименттерді тоқтатуды талап етті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1126720-shqo-da-iz-tussiz-zhoghalghan-14-zhastaghy-qyz/