Шымкентте аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып, бір бала көз жұмды

Опубликовано:

Шымкентте аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып. Апат салдарынан сегіз адам зардап шегіп, бір бала қаза тапты деп хабарлайды Қазақапарат.

ОҚО-да оқиғадан зардап шеккен бес бала облыстық балалар ауруханасына түсті.

Бас дәрігердің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша, олардың үшеуі тексерілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды. Екі бала ауруханада қалды.

«Сегіз жастағы ер бала ми жарақатын алған, оны жансақтау бөліміне жатқыздық. Алты жастағы қыз баланың миы шайқалған. Қазір балалардың жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағалануда», - деді Нұсқабаев.

Тағы бір бала ауыр жағдайда қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Екі ересек адам жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Біреуі үйіне қайтарылып, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Бір бала оқиға орнында көз жұмды.

Куәлердің айтуынша, аялдамада тұрған адамдарды шетелдік көлік қағып өткен. Жүргізуші ұсталды. Сот алды тергеу жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда көліктен шыққан адамды жолай келе жатқан көлік қағып өлтірді

Достық-Алашанькоу теміржол өткелінде екі пойыз соқтығысып қалды (фото, видео)

Алматыдағы трамплин маңында нөсер жауыннан көшкін болды

Алматыда жүргізуші көлігімен бала қағып, оқиға орнынан тайып тұрды (видео)

Ақтөбелік бойжеткен жігіті интимдік фотоларын жария еткеннен кейін өзіне қол салмақ болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1133666-shymkentte-ayaldamada-turghan-adamdard/