Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Республика алаңын жауып тастады (фото)

Опубликовано:

Алматыда Республика алаңындағы "Алтын адам" мүсінінен бастап, Абай даңғылына дейінгі аймақты жауып тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы куәгерлерге сілтеме жасап.

Сол маңда жүрген жасырын дереккөздің айтуынша, алаңда полицейлер мен саперлер жұмыс істеуде.

"Сапер кәріз жүйесінің люгінен керосин толы болуы мүмкін шөлмектер, арматуралар мен сіріңкелер тағы екі пакетті шығарды", - дейді куәгер.

Кеңселерде отырған қызметкерлерге сыртқа шығуға тыйым салынып, ал сыртта жүргендерді ішке кіруін талап етуде. Ол жерде түсірілім жасауға тыйым салынды. NUR.KZ порталына Алматының ІІД-і түсініктеме беруден бас тартты.

Расталмаған мәліметтерге сәйкес, алаңда оқу-жаттығулар жүргізіліп жатқан болуы мүмкін.

Біздің тілшінің хабарлауынша, оқиға орнына арнайы қызмет өкілдері ағылып жатыр. Ал полицейлердің бірі ресми ақапаратты кейінірек беретінін алға тартты.

Екі өрт сөндіруші көлік, арнайы қызмет көліктері мен ит жетектеген кинологтар жүр.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші аптадағы жұмысын қорытындылады

Назарбаев: Жерге жаны ашығандардың бәрі өз сөзін айтсын

Назарбаев әкімдерге жер реформасын белсенді түрде түсіндіруді тапсырды

Зиялы қауым өкілдері жердің шетелдіктерге жалға берілуін қолдады

Қытайлық БАҚ Қазақстанның 3 мың гектар жеріне бидай егетінін хабарлады

Қазақстанның барлық аймағында жер дауына қатысты белсенділер қамалуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1133907-almatyda-respublika-alanhyn-zhauyp-tas/