ОҚО-да жоғалған студент қыз өлі күйінде табылды

Опубликовано:

ОҚО-да жоғалған бойжеткеннің мәйіті Қазығұрт ауданында табылды. Өлтірместен бұрын қызға зорлық-зомбылық көрсетілген. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Осыдан екі апта бұрын Сарыағаштан Шымкентке шығып, жоғалып кеткен Айгерім Оспанбекованың мәйіті 24 мамырға қараған түні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданынан табылды. Бұл туралы Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков мәлімдеді.

Жаңатұрмыс ауылының биі Орынхан Жүнісовтің "ТВК" арнасына айтуынша, өлтірместен бұрын қызға зорлық-зомбылық көрсетілген.

Күдікті қамауға алынған. Ол 1990 жылғы жігіт болып шықты. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бойжеткеннің неден қаза болғанынан нақты ақпарат берілмеді. 24 мамыр күні Айгерімді жерлейтін болады.

Еске салсақ, Айгерім Оспанбекова 10 мамыр күні Шымкенттегі өзі оқитын колледжге бару үшін Сарыағаштан таксиге отырған.

Әйгерімнің ағасының айтуынша, студент қыз жолда жатақханада бірге тұратын көршісіне смс-хабарлама жазып, Шымкентке кіреберістегі «Колос» жер асты өткелінде күтіп алуын өтініп, жүргізушіден қатты қорқып келе жатқанын білдіреді. Содан бері Әйгерім үйіне де, университетке де келмеген.

Ал жоғалған студент қызды табу үшін полицейлерден бөлек, Шымкентке оның жүз шақты жерлесі келіп, жұрт тіпті даланы атпен кезуге кіріскен болатын.

Тағы да оқыңыз:

Петропавлда оқушы қызды қаққан жүргізушіні куәгерлер сабап тастады

ОҚО-да 12 жастағы жеткіншек Сырдария өзеніне батып кетті

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам қаза болды

Маңғыстауда 24 жастағы күзетші кеңседе асылып қалды

Шымкентте 12 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1137339-oqo-da-zhoghalghan-student-qyz-oli-kuyind/