Маңғыстауда үш жігіт 18 жастағы бойжеткенді жабылып зорлаған

Опубликовано:

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылының 18 жастағы тұрғыны үш жігіттің өзін зорлап тастағанын айтып, полицейлерге шағымданды. Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Зардап шегуші бойжеткеннің сөзіне сенсек, ол жақында ғана кәмелетке толғанын атап өтіп, құрбысымен кездесуден кейін үйіне қайтып бара жатқан. Жолай оған көрші ауылдың жігіті кездескен. Ол бойжеткенге достарымен бірге кешке баруды ұсынған. Алайда бойжеткен бас тартқанда, жігіт өзге екі досымен бірге қызды қаңыраған ғиамартқа сүйреп әкеткен. Сол жерде үші жігіт бойжеткенді жабылып зорлаған.

Факті бойынша Бейнеу ауылының 22-23 жастағы үш жігіті қамауға алынды. Олар өз кінәсін жартылай ғана мойындап отыр. Жігіттер қаңыраған ғимаратқа бойжеткеннің өзі оларды шақырып алғанын және өз қалауымен жыныстық қатынасқа түскенін алға тартқан.

Қылмыстық іс қозғалып, полицейлер мән-жайды анықтауда.

Тағы оқыңыз:

Павлодарда 35 жастағы ер адам төртінші тәулік іздестірілуде (фото)

Петропавлда жүкті келіншекті автобус қағып кетті

Шымкентте тағы да ірі базарлардың бірі өртеніп кетті (видео)

Ақтөбе облысында мектеп мұғаліміне найзағай түсіп көз жұмды

ШҚО-да найзағай түскен малшы тілге келместен көз жұмды

Оралда жылдамдықты асырған мас бойжеткен джиппен соқтығысып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1145095-manhghystauda-ush-zhigit-18-zhastaghy-boyzhetk/