СҚО-да велосипед теуіп келе жатқан әйелді найзағай соғып өлтірді

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысындағы Аққайың ауданында бір әйел найзағай түсіп, қаза тапқан. Бұл туралы облыс төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сүйенген egemen.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға ауданның Қиялы ауылында орын алған. Түскен жай 54 жастағы әйелдің өмірін сол мезетте жұлып кеткен.

«Аққайың ауданындағы Қиялы ауылының Калинин көшесінде 1962 жылы туған әйел велосипед теуіп келе жатып, найзағайдың соққысына тап болған. Сонда алған жарақаты салдарынан ол оқиға орнында қаза тапқан. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Оқиға орнында облыстық және аудандық ішкі істер органдарының жедел топтары жұмыс жасады», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз:

Ақмола облысында екі қыз қолдан қазылған ордағы суға батып кетті

Маңғыстауда үш жігіт 18 жастағы бойжеткенді жабылып зорлаған

Павлодарда 35 жастағы ер адам төртінші тәулік іздестірілуде (фото)

Петропавлда жүкті келіншекті автобус қағып кетті

Шымкентте тағы да ірі базарлардың бірі өртеніп кетті (видео)

Ақтөбе облысында мектеп мұғаліміне найзағай түсіп көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1145283-sqo-da-velosiped-teuip-kele-zhatqan-aye/