Қарағандыда қайық ұрлап көлге шыққан жігіт суға батып кетті

Опубликовано:

Қарағандының орталық саябағында қайық ұрлап көлге шыққан төрт жігіттің бірі суға батып кетті. Өйткені арақтан ұрттап алғандардың суға құлаған жолдастарына көмектесуге әлдері жетпепті деп хабарлайды КТК арнасы.

Түнімен көңіл көтерген жігіттер таңға жақын қайықтарды жалға беретін жерден катамаранды рұқсатсыз алып көлге шығып кетеді. Алайда ішіндегі біреуі абайсызда құлаған.

Жан дәрмен боп, көмекке шақырғанын саябақта жүргендер естіп, құтқарушыларға хабар беріпті. Бірақ олар кеш қалған. 29 жастағы жігітің денесі су астынан екі сағаттан кейін табылды. Ал қалған үшеуінен қазір полиция жауап алып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Елімізде екі күн ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған 11 бала көз жұмған

Ақмола облысында екі қыз қолдан қазылған ордағы суға батып кетті

Маңғыстауда үш жігіт 18 жастағы бойжеткенді жабылып зорлаған

Павлодарда 35 жастағы ер адам төртінші тәулік іздестірілуде (фото)

Петропавлда жүкті келіншекті автобус қағып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1145711-qaraghandyda-qayyq-urlap-kolge-shyqqan/