Куәгерлер: Ақтөбенің екі ауданында тағы да атыс болды

Опубликовано:

Ақтөбенің Нұр-сити және Жилгородок аудандарында таңертең атыс дыбыстары естілді. Көше қаңыраған, балабақшалар мен дүкендер жабық деп мәлімдеді жергілікті тұрғындар телефон арқылы NUR.KZ порталына.

Нұр-ситиде таңертең атыс болды дейді куәгерлер. Әскери техника кешеден бері тұр, ал полицейлер аудандарды қарауылдап жүр.

Жергілікті тұрғындар әскери бөлімше маңында және Жилгородокта атыс дыбыстарын естігендерін айтуда.

Бұл ақпарат ресми түрде әзірге расталмады.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасап, алты адам қаза тапты. Оның екеуі - құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Осыдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі  Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар  екенін растады.

Бүгінде Ақтөбе қаласы мен облысы аумағында интернет желілері өшіріліп, барлық дүкендер жабылды деп хабарлады аймақтағы NUR.KZ тілшісі. Қалада көлік азайып, әскерилер мен тікұшақтар көбейген.

Тағы оқыңыз:

Тоқаев: Қасиетті Оразаның алдында болған атыс - шектен шыққан арсыздық

Шетелдік БАҚ Ақтөбедегі атыс туралы не жазды?

Бердібек Сапарбаев қала тұрғындарын өте сақ болуға шақырды

Ақтөбедегі атыста бес адам қаза тапты

Қазақстандықтар Илья Ильиннің допинг қолданғанына сенбей отыр

Бүгін Ақтөбеде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтпейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1150848-kuagerler-aqtobeninh-eki-audanynda-ta/